Наурыз мерекесін фестиваль түрінде өткізуді ұсыныпты

Фотография - Наурыз мерекесін фестиваль түрінде өткізуді ұсыныпты

Наурыз мерекесін қазағы көп деген оңтүстіктегілердің өзі нақты бір жолға қоя алмай жүр.

216 0

Наурыз мерекесін қазағы көп деген оңтүстіктегілердің өзі нақты бір жолға қоя алмай жүр. Бір жолға қоя алмадық дегеніміз басқа мерекелер сияқты алыстан сезіліп, халық тағатсыздана күтетін мерекелік атрибуттары әлі қалыптаспағандығын айтып отырмыз. Осы мәселе төңірегінде мәдениеттанушы, Түркі академиясы порталының үйлестіруші-редакторы Серік Ерғали мырза Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жеке блогына жазыпты. 

«Жаңа жылымыз – Наурыз мерекесі жақындады. Алайда, Ұлыстың ұлы күні аталған мерекенің аталып өтуі әлі ойдағыдай емес: орныққан атрибуттары жоқ, жоралғылары мен ғұрыптары қазақтың салт-дәстүрін еске алу күніне айналып кетті. Сізге Наурыз мерекесін 14-22 наурыз аралығында Наурыз-фестиваль түрінде атап өтуді ұсынамын. Аталмыш шараға арнайы жоба жасалды. Жоба негізінен Бұқаралық шаралар мен Ресми шаралардан тұрады. Айтарлықтай шығынды қажет етпейді.Жылдағы жұмылдырылатын және жұмсалатын әлеует пен ресурс жеткілікті. Қажет болса, өңір жұртымен Наурызды жоба аясында бөлісуге даярмыз» депті Серік Ерғали.

Облыс әкімдігінің виртуалды қабылдауына жолдағын өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз деп, мынаны жазыпты.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 6 тармағына және облыстық ресми веб-сайтындағы азаматтардың өтініштері бойынша виртуалды қабылдау жұмысының Регламентіне сәйкес Сіздің өтінішіңіз ГУ «Управление культуры Северо-Казахстанской области» виртуалды қабылдауына жолданды» делінген. Осы сұраққа жауап беруге басы жеткенде «ГУ «Управление культуры Северо-Казахстанской области» дегенді қазақшалауға миы жетпеді ме екен?! Әлде, бұл басқарма атауының қазақша нұсқасы жоқ па?

Дегенмен, мәдениеттанушы Серік Ерғали әз-Наурызға байланысты көңілге қонымды ұсыныс жасап отыр. Оны іске асыратын адам болса әрине...

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!