Дипломсыз адам қалай мұғалім болады?

Фотография - Дипломсыз адам қалай мұғалім болады?

 Өзін Гүлдана деп таныстырған азаматша Ақмола облысы Білім басқармасының блогына шағымданыпты. Дипломы жоқ адам қалай мұғалім болады депті. Колледжге биыл ғана сырттай оқуға түскен адам қалай сабақ береді депті.

279 0

 Өзін Гүлдана деп таныстырған азаматша Ақмола облысы Білім басқармасының блогына шағымданыпты. Дипломы жоқ адам қалай мұғалім болады депті. Колледжге биыл ғана сырттай оқуға түскен адам қалай сабақ береді депті.

«Cәлеметсізбе! Менің сұрағыма жауап беруіңізді өтініп сұраймын. Біздің мектеп директоры биыл ғана колледжге сырттай оқуға түскен 2 маманды мектепте жұмыс істетіп жатыр. Және де таяуда тағы дәл сондай колледжде сырттай оқитын тағы бір маманды алып отыр. Ал мен бір жоғарғы оқу орынын техникалық мамандығы бойынша бітіргенмін (ауылда ол мамандық бойынша жұмыс таба алмағандықтан). Қазір екіншісінде математика мұғалімінің мамандығы бойынша оқып жатырмын. Алла жазса мамыр айында диплом аламын. Мен 2012 оқу жылының басында жұмыс сұрап барғанымда мені пед. дипломын жоқ. Дипломмен ғана аламын деп жұмысқа аламады. Сонда енді ғана коледжге сырттай оқуға түскендерді алғанда неге мені алмады? Олардан неге диплом сұрамады? Осы мәселелерді кім қарайды? Қалай шешуге болады? (Егер мәселелерді қарайтын болсаңыздар мектептің толық мекен жайын, атын жазып жіберемін)» депті.

Оған берілген жауап мынадай:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 51-тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі. Сіз өтінішіңізде мектепті, ауданды көрсетпегендіктен нақты жауап беру мүмкін емес».

Бұл жерде қандай жағдайда дипломы жоқ, немесе әлі ЖОО тәмамдамаған жанды мұғалім етіп жұмысқа алуға болады деген сұрақ жоқ. Мәселе не себепті жоғары білімі бар жандар барда колледжді сырттай оқып бастаған адамдардың ұстаздық етуінде.


Тегтер:

диплом

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!