Елдің екі өңіріндегі автожолдарға шектеу қойылды

Фотография - Елдің екі өңіріндегі автожолдарға шектеу қойылды

Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-дан хабарлады.

132 0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жол көрінісінің шектеулігі) 28 ақпан күні республиканың бірқатар жолдарына қойылған шектеулер алынды.  Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-дан хабарлады.

Мәселен, Ақмола облысында:

"Астана-Петропавл" 18-232 шақ., Астана қ. - Щучинск қ. аралығында;

"Екатеринбор-Алматы" 856-1247 шақ., Солтүстік Қазақстан обл.шекарасы - Астана қ. аралығында;

"Көкшетау-Омбы" а/ж 2-50 шақ. аралығында;

"Көкшетау қ.айналымы" а/ж 0-18 шақ. аралығында;

"Астана-Петропавл" а/ж 280-293 шақ., 17 бөлім-Көкшетау қ.; 304-341 шақ., Көкшетау қ.-Солтүстік Қазақстан обл.шекарасы аралықтарында;

"Астана-Петропавл" а/ж 232-280 шақ., Щучинск-Көкшетау қ. аралығында;

"Көкшетау-Атбасар" 0-84 шақ.;

"Щучинск-Зеренді" 0-80 шақ.;

"Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж 16-205 шақ., Астана қ.-Павлодар обл.шекарасы аралығында;

"Көкшетау-Рузаевка" а/ж 0-61 шақ. аралығында;

"Макинск-Ақсу-Торғай" а/ж 0-120, 125-240 шақ.;

"Екатеринбор-Алматы" а/ж 1280-1353 шақ., Астана қ-Қарағанды обл.шекарасы аралығында жол ашылды.

Сондай-ақ Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары аумақтарындағы барлық жолдар қозғалыс үшін қайта ашылды.

Ал Павлодар облысында автокөліктің барлық түрлері үшін "Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж 205-259 шақ., Ақмола обл.шекарасы-Шідерті аралығында жол қозғалысына тыйым салынды.

Сондай-ақ автокөліктің барлық түрлері үшін Шығыс Қазақстан облысының келесі жол учаскелерінде шектеу қойылды:

"Алматы-Өскемен" а/ж 977-1075 шақ., Қалбатау-Қ.Қайсенов а. аралығы;

"Семей-РФ.шекара" а/ж  2-113 шақ. аралығы;

"Семей-Қайнар" а/ж 0-284 шақ. аралығы;

"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" а/ж 707-900 шақ.,Аягөз-Ақсуат аралығы;

"Өскемен-Семей" а/ж  9-198 шақ., Герасимовка а.-Семей қ. аралығы;

"Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" а/ж  15-123 шақ., Глубокое-РФ шекарасы аралығы;

"Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" а/ж  15-191 шақ., Белоусовка-РФ шекарасы аралығы.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі)  арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!