Атырауда 6 діни бірлестіктің қызметіне тыйым салынды

Фотография - Атырауда 6 діни бірлестіктің қызметіне тыйым салынды

Атырау облысының діни істер жөніндегі департаменттің бас маманы Нұралы Қайранбаев мәлімдеді.    

221 0

Өткен жылы ұйымдастырылған діни бірлестіктерді қайта тіркеу шарасының нәтижесінде, Атырау облысы бойынша олардың 45-і өз қызметтерін жалғастыратын болып, 6-ның әрекеті заңға «томпақ» келгендіктен таратылған. Бұл туралы дәстүрлі емес діни ағымдар мәселесіне қатысты өткен баспасөз конференциясында Атырау облысының діни істер жөніндегі департаменттің бас маманы Нұралы Қайранбаев мәлімдеді.    

Оның айтуынша, 2012 жылы мектептер мен жоғарғы оқу орындарында және өзге де мекемелерде 200-ден астам шара ұйымдастырылып, үгіт-насихат жұмыстары жеті мыңға жуық адамды қамтыған. Сонымен қатар, ҰҚҚД мәліметіне сүйенсек, сәләф және уахабшылдықты қоса алғанда Атырау облысында 1,3 мыңға жуық адам дәстүрлі емес діни бағыт ұстанатын көрінеді.

«Біз әлі де болса үгіт-насихат жұмыстарымызға облыстағы білім ордаларын жүз пайыздық көрсеткішпен қамти алмай отырмыз. Осы мәселеге орай, облыс имамына аймақтағы ешбір елді-мекен немесе ауылдық бөлімшелерді назардан тыс қалдырмау керек деген ұсыныс айттық» дейді ол.

«Ал бүгінгі таңда «Иегова куәгерлері» деген сияқты дәстүрлі емес діни ағымдар шалғай жатқан ауыл тұрғындарының арасына жетіп, өздерінің миссионерлік әрекетін орындап  жатқаны жасырын емес» дейді облыстық мешіттің наиб-имамы Еркебұлан Қарақұлов.    


Бұрын хабарланғанындай, ҰҚҚ-нің есебінше Қазақстанда 495 адамды қамтитын 24 радикалды сәләфиттік жамағат бар екен.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!