Астанада «Түлектер жәрмеңкесі» өтті

Фотография - Астанада «Түлектер жәрмеңкесі» өтті

Бүгін Қазақстан-Ресей университеті жанындағы Инновациялық технологиялар колледжінде «Түлектер жәрмеңкесі» өтті

365 0

Бүгін Қазақстан-Ресей университеті жанындағы Инновациялық технологиялар колледжінде «Түлектер жәрмеңкесі» өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - колледж түлектерін жұмысқа орналастыру. Ол үшін жәрмеңкеге елорданың бірқатар жұмыс беруші компаниялары шақырылды. Ал «Саят» туристік фирмасы және «Астана қаласының Мүгедек балалар одағы колледж басшылығымен бірлескен меморандумға қол қойды. Онда туризм және әлеуметтік сала мамандарын даярлап, жұмысқа алу тетіктері қарастырылған. «Бүгінгі іс-шараға 16 жұмыс беруші шақырылды. Олардың саны жылдан жылға артып келеді. Біз бірлесе отырып, оқу бағдарламаларын үйлестіреміз. Осының арқасында қажетті мамандықтар даярланатын болады деп сенеміз», - деді жәрмеңкенің ашылу рәсімінде колледж директоры Әбдіғали Жандығұлов. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!