СҚО халқының саны жарты миллионнан асты

Фотография - СҚО халқының саны жарты миллионнан асты

Алдын ала деректер бойынша 2013 жылғы 1 қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысы халқының саны 579,6 мың адамды құрады, оның 239,2 мыңы (41,3 пайыз) қалалық жерде, 340,4 мыңы (58,7 пайыз) ауылдық жерде тұрады.

207 0

Алдын ала деректер бойынша 2013 жылғы 1 қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысы халқының саны 579,6 мың адамды құрады, оның 239,2 мыңы (41,3 пайыз) қалалық жерде, 340,4 мыңы (58,7 пайыз) ауылдық жерде тұрады.

Бұл туралы облыстық баспасөз қызметінен хабарланды.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2012 жылы халықтың табиғи өсімі 973 адамды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті. Сонымен қатар, былтыр өңірде 8681 жаңа туған сәби тіркелсе, олардың - 4456 ұл, 4225 - қыз балалар. Сәбилердің  3386-сы (39 пайызы) облыс орталығы - Петропавл қаласында туғандар.

Ал жалпы облыс бойынша туудың ең жоғарғы көрсеткіші  Уәлихан (1000 адамға шаққанда 19,1 сәбиден), Ақжар (18,8) аудандарына және Петропавл қаласына (16,5) тиесілі. Ал ең төмен көрсеткіштер М.Жұмабаев (1000 адамға шаққанда 10,3 сәбиден) және Тимирязев (11,9) аудандарында болып отыр.

Сонымен қатар, облыстағы өлім деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 5 пайызға азайды. Бұдан бөлек, былтырғы жылы 4813 адам некеге тіркелді, 1000 адамға шаққанда 8,3-тен келеді. Бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға кем.


Тегтер:

халық санағы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!