2013 жылғы көктемде 15 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылады

Фотография - 2013 жылғы көктемде 15 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылады

15 мыңнан астам ер-азамат әскер қатарына шақырылады деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

114 0

Билығы жылдың көктемінде мерзімді қызметін өтеген 16 мыңға жуық әскери қызметші жоспарлы түрде запасқа шығарылып, 15 мыңнан астам ер-азамат әскер қатарына шақырылады деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Биылғы көктемде 18-27 жас аралығындағы 15 мыңнан астам ер-азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне 7 мыңға жуық жас шақырылмақ. Қалған бозбалалар Республикалық ұланның, ІІМ Ішкі әскерлерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдеріне жіберіледі», -деп жазылған хабарламада.

Кешенді жоспарда медициналық куәландыру, идеологиялық және психологиялық жұмыстар, нормативті-құқықтық қамтамасыз ету туралы іс-шаралар кеңінен қамтылған. Жоспарды сапалы іске асыру үшін әскерге шақыру науқанына дайындық және оны жүргізуге Қарулы Күштердің барлық құрылымдық бөлімшелері тартылатын болады.


Тегтер:

Әскер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!