Екі күнде елордада техникалық ақауы бар 38 автобус анықталды

Фотография - Екі күнде елордада техникалық ақауы бар 38 автобус анықталды

Жолаушылар көлігі апаттарының алдын алу мақсатында биылғы жылдың 28 ақпанынан 7 наурызына дейін «Автобус» шұғыл профилактикалық  іс-шарасы  өткізілуде.

131 0

Жолаушылар көлігі апаттарының алдын алу мақсатында биылғы жылдың 28 ақпанынан 7 наурызына дейін «Автобус» шұғыл профилактикалық  іс-шарасы  өткізілуде. Бұл туралы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Астана қаласы ресми сайтының хабарлауынша, осы кезеңде  іс-шараға жол полициясының барлық қызметкерлері тартылады. Басқарманың жеке құрамының күшейтілген жұмысы қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жасалатын жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуды анықтауға бағытталған. 

«Іс-шараның екі күнінде Астана қаласы ІІД ЖПБ инспекторлары қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары қызметкерлерімен бірігіп,  қала бағдарында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын 9 автобус паркін тексерді. Нәтижесінде, 38 автобус техникалық жағынан жарамсыз  деп танылып, желіге техникалық жарамсыз автобустарды  шығарған 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Астана қаласының ІІД ЖПБ  инспекторлары  жол қозғалысы ережесін  бұзған 400-ге тарта  автобус жүргізушісін анықтады.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!