Көктемнің алғашқы күнінде ОҚО жастары көшет екті

Фотография - Көктемнің алғашқы күнінде ОҚО жастары көшет екті

Көктемнің алғашқы күні Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, Сарыағаш ауданындағы су алған Қарақалпақ және Жылға елді мекендерінде көшет егу акциясы өтті

242 0

Көктемнің алғашқы күні Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, Сарыағаш ауданындағы су алған Қарақалпақ және Жылға елді мекендерінде көшет егу акциясы өтті. Шараға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен жастар қауымы белсенді атсалысты, деп хабарлайды Baq.kz .

Осыдан екі ай бұрын су тасқыны салдарынан Сарыағаш ауданының 3 елді мекенінде 16 жеке тұрғын үй, 1 бастауыш мектеп зардап шеккен, су алған тұрғын үйлердің 2-уі құлаған, 165 мал шығыны келген, оның ішінде 158 ұсақ, 7 ірі қара мал. 550 шақырым автокөлік жолы, 4 көпір, 26 өткел мен 2 тюбинг бұзылған. 16 жеке тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына аудан көлемінде мүлік пен мал шығынын өтеу мақсатында аудандық бюджеттен және қайырымдылық қор есебінен 59,114 млн. теңге беріліп, барлық жұмыстар қалпына келтірілді.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Төлебаев бұл шараның маңыздылығын айта келе, болашақта ай сайын сенбіліктер өткізіліп тұратындығын, аудан ауылдармен жастар басқармасы тығыз жұмыс жасайтынын жеткізді. Мемлекет тарапынан, облыс басшылығы тарапынан зардап шеккен ауылдарға бүгінде барлық жағдайдын жасалғанын айтты.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!