Астанада ішіндегі сырын ақтарғысы келетіндерге арналған сервис ашылды

Фотография - Астанада ішіндегі сырын ақтарғысы келетіндерге арналған сервис ашылды

Астанада ішіндегі сырын айтып салғысы келетіндерге арналған сервис ашылды

358 0

Астанада ішіндегі сырын айтып салғысы келетіндерге арналған сервис ашылды. Бұл қалжың емес.

Ерекше жарнама сайт бетіне наурыздың алғашқы күнінде пайда болды. Қызмет көрсетуші былай деп жазған: «Сіз проблемаға тап болдыңыз ба, әлде керісінше, бөлісетін қуанышыңыз бар, бірақ жақын құрбыңыз сапарлап кетті ме? Сізді сүйіктіңіз тастап кетіп, ішіндегіңізді сыртқа шығарғыңыз келеді ме? Сізге көпшілік алдында сөз сөйлеу керек, ал тіліңіз күрмеліп тұр ма? Сіз музыкантсыз, бірақ сізде сахнадан қорқыныш бар ма? Сіз айтасы (ән айтасыз, ойнайсыз) - біз тыңдаймыз!»

Бұл ретте құпиялылыққа кепілдік беріледі. Қызметті пайдаланушыға өзінің аты-жөнін атамауға, кездесуге көзілдірікпен немесе медициналық бетпердемен келуіне болады. Клиенттің құпиялық деңгейі оның фантазиясына байланысты. Тыңдарман болса, жарнамада жазылғандай - психо-педагогикалық білімі бар кәсіби музыкант. Дегенмен, бірнеше шарттар да бар. Біріншіден, кездесу бейтарап алаңда өтеді. Екіншіден, ішіндегіні жайып салу қызметі үшін ақыны бірден төлеу қажет. Үшіншіден, спикер ішімдік ішпеген болуы керек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!