Республика жолдарындағы ағымдағы жағдай

Фотография - Республика жолдарындағы ағымдағы жағдай

Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-дан хабарлады.

186 0

Ауа райының қолайсыздыына, атап айтқанда, қар, боран және жол көрінісінің шектеулігіне байланысты елдің екі өңіріндегі жолдарға шектеулер енгізілді.

Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-дан хабарлады.

Мәселен, Ақмола облысында 28 ақпан күні сағат 16.00-ден бастап көліктің барлық түрлері үшін «Астана-Петропавл» автожолының 18-232 шақырымындағы «Астана қаласы - Щучинск» аралығына енгізілген шектеулер әлі де өз күшінде.

Шығыс Қазақстан облысында көліктің барлық түрлері үшін 1 наурыздан бастап "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" автожолының 105-191 шақырымындағы «Риддер-РФ шекарасы» аралығына және «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» күре жолының 105-123 шақырымындағы «Шемонайха -РФ шекарасы» аралығына енгізілген тыйымдар алынған жоқ. 

Сондай-ақ бүгін, 3 наурыз күні келесі жол учаскелерімен қозғалыс шектелді:

сағат 01.00 бастап «Алматы-Өскемен» 977-1075 шақ., Қалбатау-Қ.Қайсенов аралығы;

03.03.2013 ж. сағат 05.00 бастап «Өскемен-Семей» 9-198 шақ., Герасимовка-Семей аралығы;

03.03.2013 ж. сағат 05.30 бастап «Семей-РФ шекара» 2-113 шақ;

03.03.2013 ж. сағат 05.30 бастап «Семей-Қайнар» 0-284 шақ;

03.03.2013 ж. сағат 12.00 бастап "Омбы-Майқапшағай" 756-906 шақ, Семей-Қалбатау.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі)  арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!