Мереке күндері «Алматы-2 - Шымкент» бағытында қосымша жолаушылар пойызы шығарылады

Фотография - Мереке күндері «Алматы-2 - Шымкент» бағытында қосымша жолаушылар пойызы шығарылады

8 және 22 наурыз мереке күндеріне орай «Алматы-2 - Шымкент» бағытында қосымша жолаушылар пойызы шығарылады,

304 0

8 және 22 наурыз мереке күндеріне орай «Алматы-2 - Шымкент» бағытында қосымша жолаушылар пойызы шығарылады,

деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.

«Жолаушылардың көптеген өтініштеріне орай, демалыс күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-2 - Шымкент» бағытында №61/62 қосымша жолаушылар пойызын шығарады», - делінген компания хабарламасында.

Алматы-2 стансасынан 7 және 21 наурызда сағат 23.30-да аттанған пойыз Шымкентке 8 және 22 наурыз күндері сағат 12:56-да келіп жетеді. Ал Шымкенттен 8 және 22 наурыз күндері сағат 17.05-те жүретін пойыз «Алматы-2» стансасында 9 және 23 наурызда таңғы сағат 06:55-те келіп жетеді деп күтілуде. Құрамда 14 жолаушы вагоны бар, оның  4-еуі - купе, ал 10-ы - плацкарт.


Тегтер:

Шымкент пойыз

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!