Амантай қажы ереуілге шықты

Фотография - Амантай қажы ереуілге шықты

Танымал саясаткер Амантай қажы Алматының көшесіне «Техбайқау жасасын!» деген ұран көтеріп шықты

156 0

Танымал саясаткер Амантай қажы Алматының көшесіне «Техбайқау жасасын!» деген ұран көтеріп шықты.

Оның мұндай қадамға баруына мәжілісмендердің техбайқауды алып тастау туралы ұсынысы себеп болған екен. Амантай қажының айтуынша, «Техбайқау- автокөліктердің ауруханалық карточкасы».

Митингке қатысушылар арасында автоқұмарлар да аз болмаған. Олар: «Егер техбайқау алынса Қазақстанда ақаулы көліктер қаптап кетеді», деген қауіп айтады. Қажының есебіне сенсек, жыл сайын елімізде 3 мыңға тарта адам жол-көлік оқиғасынан қайтыс болатын көрінеді. Олардың ішінде ақаулы көліктен болатын апаттар аз емес екен.

Естеріңзге сала кетейік, техбайқауды алып тастау туралы ұсынысты «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев ұсынған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!