Екі облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдардың учаскелері жабық

Фотография - Екі облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдардың учаскелері жабық

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

219 0

Боранға байланысты екі облыстың аумағындағы республикалық маңызы бар жолдардың учаскелері жабылды.

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Ақмола облысы аумағындағы боранға байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін кешеден бері «Астана-Петропавл» автожолының 18-242 шақырымындағы «Астана -Щучинск» аралығында жол жабық.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында да қолайсыз ауа райы салдарынан автокөліктің барлық түрлері үшін  мына жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды:

«Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» жолының 105-191 шақырымындағы «Риддер-РФ шекарасы аралығы;

«Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» 105-123 шақырымындағы «Риддер -РФ шекарасы» аралығы.


Тегтер:

жол жабылды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!