Қоғамды құмарлық жеңіп барады

Фотография - Қоғамды құмарлық жеңіп барады

«Әдет – әдет емес, жөн әдет» деп қараған дұрыс. Жаман нәрсе жұққыш келеді.

206 0

Адамның әртүрлі сұрпы болады: біреу картаға құмар, біреу ақшаға құмар, біреу атаққа құмар, бірақ араққа құмар, біреу қызға құмар, біреу көрсеқұмар... Құмарлық желкеңе бір мінсе, одан қайтып құтылуың қиын. Сондықтан, Ұлы Хәкім айтқандай, «Әдет – әдет емес, жөн әдет» деп қараған дұрыс. Жаман нәрсе жұққыш келеді.


ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың блогына хат жазған Азамат атты жігіт осы құмарлық туралы мәселені көтеріпті. Ол бұған дейін де үкімет басшысының да, басша шенеуніктердің де болгтарына бірнеше рет хат жазып, жауап ала алмағанын айтып қынжылады. Ал Азаматтың айтып отырған мәселесі ет пен терінің арасында жүрген желік емес, асқынып кетсе, ұйып отырған отбасының ойранын шығаратын қауіпті дерт. Құмарлыққа басың бір қалды дегенше, баяғы бақытты күндер басыңнан бұл-бұл ұшты дей бер.

«Менің туған-туыстарым мен жақын достарым «букмекерлік кеңсе» деген «дертке» шалдыққан,– дейді ол.–Бұл кеселдің түрі жаман. Әсіресе жастарды «жалмап» жатыр. Жеңіл жолмен ақша табуға құныққан олар жалақыларын құмарлық ойынға түгел салып жібергенімен қоймай, банктен несие алады әйтпесе біреуге қарызға кіреді. Өз үйлерінен өздері ақша ұрлайтындары да бар!!!»

Әттең, жақын-жуығының, дос-жарандардың, жалпы қоғамның салауаттылығын ойлаған жас жігіттің жүрегінің түбінен шыңғырып шыққан жанайқайға назар аударсақ етті. Елорданың әр жер-әр жерінде букмекерлік кеңселер міз бақпаған қалпы қаздай тізіліп тұр.

Үкімет басшысы Азаматтың арызын қарау үшін ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасы А.Жұмаділдаевқа жолдап жіберіпті.


Тегтер:

қоғам

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!