Елімізде 30 мыңға жуық маскүнем әйел бар

Фотография - Елімізде 30 мыңға жуық маскүнем әйел бар

Қазір Қазақстан әлем бойынша ішімдікті көп ішетін 188 елдің қатарында 34-ші орында тұр

329 0

Қазір Қазақстан әлем бойынша ішімдікті көп ішетін 188 елдің қатарында 34-ші орында тұр. Елімізде 30 мыңға жуық маскүнем әйел бар.

Статистикалық деректерге қарағанда, Орта­лық Азиядағы ең «ішкіш» ел — Қазақстан. Елімізде жан басына шаққанда әр адам жылына 12 литр алкоголь өнімін пайдаланады. Ал әлем­­дік көрсеткіштер бойынша азаматтар жы­лына 6 литрден астам спирт пайдалан­ған ел дегра­­дацияға ұшырайды екен.

Мамандардың айтуынша, қазір маскүнем күйеуі­мен алысып, соны емдетемін деп жүрген әйел­дердің саны азайған. Бұл – ерлер аз ішетін бол­ды деген сөз емес, әйелдер күресуді қойған, күйеу­лерімен бірге ішеді деген сөз.

Әлеуметтанушылардың пікірінше, әйелдер­дің спиртті ішімдікке тым үйір болуы 90-жыл­дардың басында байқалыпты. Еркек қара ба­қыр таппай үйде отырып қалғанда әйел базарға шығып, ақша тауып, өзі би, өзі қожа болып, ақыры алдымен «бойын жылыту үшін», кейін «кө­ңіл көтеру үшін», «стрестен құтылу үшін» ішті. Қазір енді ер әйелін наркологиялық дис­пан­­серге сүйреп апаратындай жағдайға жеттік. Бұл күндері ер адамдардың дәрігерге «әйелімді маскүнемдіктен емдеп беріңізші» деп жалына­тын оқиғалары жиілепті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!