Шымкентте бүйректі алмастыру оталары жасала бастады

Фотография - Шымкентте бүйректі алмастыру оталары жасала бастады

Корея университетінің «Анам» госпиталінің трансплантология мамандарымен бірлесіп жасалды.

223 0

Оңтүстік Қазақстанда бүйректі алмастыру бойынша алғашқы ота Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында Корея университетінің «Анам» госпиталінің трансплантология мамандарымен бірлесіп жасалды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Ысмайыловтың айтуынша, барлық науқастардың жасалған оталардан кейінгі жағдайы тұрақты, олардың донорлары туыстары болды. Әзірге оңтүстікқазақстандық дәрігерлер кореялық әріптестеріне тек көмектесуде, бірақ отандық медицина қызметкерлері мұндай оталарды ағымдағы жылдың аяғына қарай өздері жасайтын болады.

Атап өтейік, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде бүйректі трансплантациялау кезегінде 21 оңтүстікқазақстандық азамат тұр. Бүгін ОҚО-да таяу және алыс шетелде донорлық бүйректі алмастырып салу бойынша операция жасатып келген 35 науқас бар.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!