Алматыда аналарға үйде отырып-ақ ақша табудың жолы үйретілмекші

Фотография - Алматыда аналарға үйде отырып-ақ ақша табудың жолы үйретілмекші

 Алматыда кәсіпкер аналарға арналған конференция өтеді деп күтілуде.

250 0

 Алматыда кәсіпкер аналарға арналған конференция өтеді деп күтілуде. Бұл туралы «Әйелдер көшбасшылығы қоры» ҚҚ атқарушы директоры Мария Гусейнова мәлімдеді.

Кәсіпкер аналарға арналған конференция Алматыда наурыздың 16-17 күндері өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар үй шаруасындағы әйелдерге үйде отырып-ақ ақша табудың жолын, іскерліктің қыр-сырын үйретуді мақсат тұтып отыр.

Қоғамдық қор директорының айтуына қарағанда, «Ernst&Young» халықаралық компаниясының сарапшылары әйелдер кәсіпкерлігін нарықтың тез дамитын түріне жатқызған. Сондай-ақ, 2028 жылға қарай әйелдер әлем бойынша шығындардың 75 пайызын қадағалайтынын мәлімдеп отыр. Сол себепті «Әйелдер қауымына кәсіпкерліктің бүге-шүгесін баяндайтын іс шаралар кешенін ұйымдастырып, ақпараттық көмек көрсету қажет»,- деп отыр Гусейнова.


Тегтер:

Жумыс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!