«Әзірет Сұлтан» мешіті жаңа жобаның тұсауын кесті

Фотография - «Әзірет Сұлтан» мешіті жаңа жобаның тұсауын кесті

«Әзірет Сұлтан» мешіті muslim.kz сайтының оқырмандары үшін «Білгенге маржан» атты жаңа жобаның тұсауын кесті.

162 0

Бұдан былай сайттың «Көңілашар» және «Радио» бөлімінен рухани тәлім-тәрбиелік мәні зор «Білгенге маржан» аудио жобасын тыңдауға болады. Жоба «Отбасы шаттығы», «Ақиқат бастаулары», «Дұғамыз - қорғанымыз», «Достық», «Ілім-білім қадірі», «Уайым - ер қорғаны», «Алла Тағалаға құл болу», «Иман ләззаты», «Намаз - діннің тірегі», «Көрші ақысы» т.б. секілді тақырыптарды қамтыған.

Аят-хадистермен, діни уағыздармен, ғибратты әңгімелермен, сахабалар тәлімімен, ғұламалар лебізімен, сондай-ақ қазақ діндарларының қанатты сөздері және діни жыр-термелерімен өрілген бұл дүние халықтың рухани өрісін кеңейтіп, ұлтымыз бен дініміздің асыл құндылықтарын кеңінен паш етеді деген сенімдеміз.

Аудио Аманжан Еңсебаев, Қайрат Әділгерей, Азамат Қанапия, Мұхаммедәлі Болатұлы секілді елімізге танымал дикторлардың даусымен оқылған. Сондай-ақ, әр тақырып құлаққа жағымды, жүрекке жайлы әуендермен көмкерілген.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!