8 наурыз қарсаңында алматылық 23 отбасы үйлі болды

Фотография - 8 наурыз қарсаңында алматылық 23 отбасы үйлі болды

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында алматылық 23 отбасы баспаналы болды

303 0

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында алматылық 23 отбасы баспаналы болды. Бұл жайында BNEWS.KZ  хабарлайды.

Қуаныш иелеріне пәтер кілттерін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова табыстады. Жаңа үйге қол жеткізгендердің қатарында үшем тапқан батыр ана Гүлзира Мұхамеджанова да бар.

Өкінішке қарай, күні кеше аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан үшемдердің кенжесі Нұрислам қайтыс болды. Оның алдында ғана жергілікті билік бұл отбасы шамамен елу жылдан кейін пәтер алуы мүмкін, ешқандай көмек көрсете алмаймыз деп кесіп айтқан болатын.

Айта кетейік, пәтерлер мұқтаж жандарға коммуналдық тұрғынүй қорынан үй беру мемлекеттік бағдарламасы аясында үлестіріліп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!