Ең жас көп балалы ана

Фотография - Ең жас көп балалы ана

26 жасында  7 сәбилі болған Нәзира Сабыралиева жақында «Алтын алқа» иегері атанды.

716 0

Еліміздегі ең жас көпбалалы ана Сыр өңірінде тұрады. 26 жасында  7 сәбилі болған Нәзира Сабыралиева жақында «Алтын алқа» иегері атанды.

Демографиялық өсімге айырықша үлес қосқан жас ана төл мерекесінде құрметке бөленді. Алтын құрсақты Нәзираның отбасын Қаржы полициясы департаменті қызметкерлері аналар мерекесімен құттықтап, сый-сияпат тапсырды.

Нәзира Сабырәлиева қазірде 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.Баларының ең үлкені 13 жаста, кенжесі 1-ден енді асып, тәй-тәй басып жүр.

Нәзира САБЫРӘЛИЕВА, «Алтын алқа» иегері:

- Жас аналарға тілегім, айтарым балалардың санын көбейте берсін. Осындай көп баланы аңсаған едім. Әр баланың өз несібесі бар.

Қазақтың санын арттыруда көп келіншекке үлгі бола білген Нәзираның отбасына қаржы полицейлері теледидар сыйға тартты. Құқық қорғау органы өкілдерінің риясыз құрметіне еңбек және тыл ардагері Фатима Ақбергенова да бөленді. Соғыс басталған кезден тағдыр тауқыметін тартып, түрлі шаруаны білек сыбана істеген әжей жуырда мерейлі 90 жасқа толмақ. 

Фатима АҚБЕРГЕНОВА,  Еңбек және тыл ардагері:

- Қазір 85 жылдан бері зейнеттемін. Істеген еңбегімнің рахатын көріп отырмын. Зейнетақы жаман емес. Тоғызыншы майда  үнемі марапаттайды. Соғыс уақытында еткен еңбектерім үшін алған медаль, ордендерім бар. Сол еңбегімді бағалап, әрқашанда қатардан қалдырмайды.

Небір зұламат замандарда ошағының отын сөндірмей, ұрпағының амандығын сақтаған асыл аналар барша мадақ-марапатқа лайық.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!