Есіл өзені арнасынан 10 метрге асуы ықтимал

Фотография - Есіл өзені арнасынан 10 метрге асуы ықтимал

12 мың солтүстікқазақстандық су астында қалуы мүмкін.

563 0

12 мың солтүстікқазақстандық су астында қалуы мүмкін. Оның 1/4 шұғыл арада қауіпсіз жерге көшіру қажет.

Облыстық суда құтқару қызметі табиғаттың тосын мінезіне дайындық шараларын әдеттегіден ерте бастады.

Олардың айтуынша, Есіл өзені арнасынан 10 метрге асуы ықтимал. Сең жүрсе, жағаға жақын орналасқан 20 елді мекенге қауіп төнеді. Қар тез еріп, жаңбыр жауса, осы ауылдарды шайып кетуі ғажап емес. Қазір аймақтағы су қоймалардың жартысынан астамы толтырылды. Апат айтып келмейді. Сондықтан алдын алу жұмыстарын күшейту керектігін алға тартты мамандар.

Биыл қар екі есе көп жауды. Соған қарағанда тасқын су баспаған елді мекендерге де жетуі мүмкін. Күн күрт жылыса, Есіл өзенінде мұздың кептелуі де ғажап емес.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!