Алматы орталығында 10 үй ыстық сусыз қалды

Фотография - Алматы орталығында 10 үй ыстық сусыз қалды

Алматының орталығындағы жылу жүйесінде апатты жағдай болды

231 0

Алматының орталығындағы жылу жүйесінде апатты жағдай болды. Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі» ЖШС апат-диспетчерлік қызметі мәлімдеп отыр.

Жер асты жылу құбырларының жарылуы наурыздың 8-нен 9-на қараған түні Айтеке би көшесі мен Абылай хан даңғылдарының қиылысында болған. Нәтижесінде 10 үй ыстық сусыз және жылусыз қалып отыр.

Қазір оқиға орнына мамандар шақырылып, апаттың салдарын жою жұмыстары жасалуда. Диспетчерлік қызметтің мәліметтеріне қарағанда, қалпына келтіру жұмыстары 16.00-17.00 шамасында аяқталуы тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!