Тасжолда күні-түні кезекшілік жүргізілуде

Фотография - Тасжолда күні-түні кезекшілік жүргізілуде

Ақмола облысында Көкшетау–Петропавл, Көкшетау–Астана, Көкшетау–Қостанай бағыттары бойынша республикалық маңызы бар жолдар жабық.

250 0

Ақмола облысында Көкшетау–Петропавл, Көкшетау–Астана, Көкшетау–Қостанай бағыттары бойынша республикалық маңызы бар жолдар жабық.

Кеше боран салдарынан жолдарды қар басып қалған. 67 техника жолды қардан тазалап жатыр. «Алайда ұйтқып соққан боран жолды тұтастай тазалауға мүмкіндік бермей отыр», – дейді мамандар. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен облыстық жол полициясы басқармасының  қызметкерлері  күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде. Жол инспекторлары тасжолда күні-түні кезекшілік жүргізіп,  Көкшетаудан Қостанай, Петропавл, Астанаға көліктерді шығармай тұр. Мәселен, Көкшетаудан Зерендіге баратын жолда таңертеңнен бері көлік кептеліп жатыр. 20-дан астам көлік жолда тұр. Ал Петропавлға жол мүлде жабық. Мамандар осы  тәулікте жолдардың ашылмайтындығын айтады.

Кезекшілік бөлімінің бұйрығымен қазір Көкшетаудан Петропавлға қарай жолды күзетіп тұрмыз. Міне, бір тәулік бойы бұл бағытқа қарай жол жабық. Қазір де көліктерді өткізбей жатырмыз. Мұнда тазарту жұмыстары жүруде. Бірақ қай кезде ашылатындығын білмейміз.

Көкшетаудан 10 шақырым қашықтықта орналасқан елдімекенге жол сақшылары жібермей жатыр. Енді қолайлы ауа райын күтеміз.

Кеше боран болып, шыға алмадым. Анам Мұнайбазасы елдімекенінде мені күтіп отыр. Көмір апарып беруім керек еді. Енді күтеміз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!