Гейшалық өнерді қазақ қыздары да үйренуде

Фотография - Гейшалық өнерді қазақ қыздары да үйренуде

Гейшалық өнері елімізде де кең етек алып келеді.

572 0

Гейшалық өнері елімізде де кең етек алып келеді. Жапон мәдениетінде үлкен орын алатын бұл үрдіске үйретер түрлі оқулар мен тренингтер көптеп шалып жатыр.

Ақтөбелік бір топ қыз-келіншек те бұл өнердің қыр-сырымен танысып жатыр.

Халық арасында гейшалар жеңіл жүрісті қыздар деген қате көзқарас қалыптасқан. Бірақ Жапонияда оларды өнер адамдарына теңейді. Мынадай шапан киген сұлу қыздар – кез-келген жиынның гүлі. Ал гейша болам деушілер бар өмірін өнердің қыр-сырын білуге сарп етеді.

Сәндігүл Жолмұхамедова – үш баланың анасы. Гейша өнерінің шапағатын көрдім деп отыр. Бір кезде үлкен ұлымен тіл табысу қиын болған. Күнделікті күйбің тірлік, қаражат табу келіншекті психологиялық тұрғыда қажытқан. Сол сәтте гейша шеберханасына тап болып, тығырықтан шығар жол тауыпты.

Гейша өнері бірінші кезекте әйелдің ішкі дүниесін қалыпқа келтіру қажет екенін меңзейді. Шеберханадағы сабақ ерінің көңілін тауып, отбасының қазығы бола білген азаматша ғана бақытты ғұмыр кешеді деген оқудан басталады.

Жанұяның ұйытқысы болу, әсіресе, шығыс елінің дәстүрінде көптеп кездеседі және ол қазақтың салт-дәстүрімен ұштасады. Жапон мәдениетіне тән гейша өнерінің Қазақстанға сіңіуіне ат салысып жүрген Гүлмира Исмағұлованың пайымы осыған саяды.

Ол да өзгелер сияқты өмірдің қиын кездерін бастан кешірген. Сол кезде қазіргі отбасы-ошақ қасы артта қалып, нан табудың жолында кеткен әйелдерінің психологиясына жаңа леп әкелу керектігін түсінген.

Бұл жерден кәсібі мен жасы әртүрлі әйелдерді кездестіруге болады. Үй шаруасымен ғана айналысатын нәзік жандардан бастап, кәсіпкерлерде осында. Біреулері отбасын сақтап қалу үшін жүрсе, енді бірі білімін жетілдіруде. Олар әйел бақыты не екенін түсінгісі келеді. Осы сауал олардың басын қосып келеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!