Қарағандының күре жолында ондаған көлік қар құрсауынан құтқарылды

Фотография - Қарағандының күре жолында ондаған көлік қар құрсауынан құтқарылды

10 наурыз, жексенбі күні Қарағанды қаласының маңындағы автожолда ондаған көлік қар құрсауында қалды.

134 0

10 наурыз, жексенбі күні Қарағанды қаласының маңындағы автожолда ондаған көлік қар құрсауында қалды.

«Ат құлағы көрінбейтін боран темір тұлпарлардың жолын бөгеп, орнынан қозғалтпады. Тосын оқиға жайлы хабар түсісімен Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілеріне көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері «Астана» өңірлік қолбасшылығы 36352 әскери бөлімінің әскери қызметшілері адамдар мен техниканы құтқаруға аттанды»,-делінген ҚР ҚМ мәліметтерінде.

Адамдар мен машиналарды қар құрсауынан құтқару үшін Спасск поселкесінде орналасқан оқу орталығы басшылығының оқиға орнына  жеңіл  әскери техниканы жіберуі қауіпті аймақтан жиырмадан астам техниканы алып шығуға септігін тигізді. Осының нәтижесінде қар астында қалған машиналар мен оның жолаушылары құтқарылып, Қарағанды қаласына жеткізілді. Әскери қызметшілер мен әскери техника өздерінің тұрғылықты орындарына оралды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!