Астаналықтар өзге өңір тұрғындарына қарағанда 4 жасқа ұзақ өмір сүреді

Фотография - Астаналықтар өзге өңір тұрғындарына қарағанда 4 жасқа ұзақ өмір сүреді

Елорда тұрғынының өмір сүру ұзақтығы республикалық деңгейден жоғары.

148 0

Елорда тұрғынының өмір сүру ұзақтығы республикалық деңгейден жоғары.

Бұл туралы бүгін астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінде аталған ведомство басшысы Айгүл Сегізбаева айтты.

«2012 жылдың қорытындысы бойынша елордада ана өлімі 4 еседен астамға төмендеп, сәбилердің шетінеуі 12 пайызға азайды», - деді ол.

Сонымен қатар басқарма басшысының атап өтуінше, қалада туберкулез, обыр және қан айналымы жүйесінің бұзылуы сынды аурулардың төмендеу динамикасы байқалып отыр.

«Миокард инфарктісі салдарынан өлім көрсеткіші 49 пайыздан астамға төмендеді. Елорда тұрғынының өмір сүру ұзақтығы 73 жасты құрады. Бұл 69 жасты құрайтын республикалық көрсеткіштен жоғары», - деді А.Сегізбаева.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!