Қарағандыда сорғы стансасының кәріз тұндырғышынан нәресте табылды

Фотография - Қарағандыда сорғы стансасының кәріз тұндырғышынан нәресте табылды

деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

137 0

Қарағандыдағы сорғы стансасының кәріз тұндырғышында құрсақтағы 5-6 айлық дамуы бар  нәресте табылды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«8 наурызда «Қарағанды Су» ЖШС-нің кезекші машинисі жабдықтарды тексеру кезінде сорғы стансасының кәріз тұндырғышынан құрсақтағы 5-6 айлық дамуы бар нәрестені тапты. Әйел ол туралы бірден полицияға хабарлады. Қазіргі уақытта  болған оқиғаны анықтау үшін тергеу алдындағы тексеру шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Тексеру қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция баланың анасын анықтау шараларын қолға алды. Сондай-ақ сот медициналық зерттеу тағайындалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!