Қаламқас кенішінің жұмысшылары ереуілге шықты

Фотография - Қаламқас кенішінің жұмысшылары ереуілге шықты

Қазір жұмысшылармен кездесу үшін компания басшылары оқиға орнына кеткен.

166 0

Маңғыстау облысындағы Қаламқас кенішінде мердігерлік «OSC» (Oil Service Company) компаниясының жұмысшылары айлықтарын өсіруді талап етіп, ереуілге шыққан.

Қазір жұмысшылармен кездесу үшін компания басшылары оқиға орнына кеткен.

Осындағы компаниялардың бірінде істейтін жұмысшы Серік Ізбасаров ақпаратты растап, "жұмысшылардың автостанцияда" отырғанын хабарлады.

«Ереуілге қанша жұмысшы шықты?» деген сұраққа ол: «Нақты білмеймін. Шамамен 50-ден астам» деп жауап берді. Оның айтуынша, ереуіл кеше түнгі сағат үште басталған.


«OSC» - жерасты ұңғымаларына жөндеу жүргізумен айналысатын компания.


Тегтер:

ереуіл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!