Семейде Ертістің жағалауын бекітуге 1 миллиард теңгедей қаржы қажет

Фотография - Семейде Ертістің жағалауын бекітуге 1 миллиард теңгедей қаржы қажет

 Егер дер кезінде бекітпесе, қаланың біраз бөлігін сумен қамтып тұрған тоғанның шайылып кетуі де ғажап емес.

125 0

Семей жұртын алаңдатқан қауіпті аймақтардың бірі– Түйемойнақ аралындағы Ертістің оң жағалауы. Мұнда бетонмен бекітілмеген өзеннің жағасы (бес шақырымдай жер) жыл сайын ішке еніп барады. Егер дер кезінде бекітпесе, қаланың біраз бөлігін сумен қамтып тұрған тоғанның шайылып кетуі де ғажап емес.


Бүгінгі күні жағалаудан тоғанға дейінгі аралық 12-13 метрдей. Семейлік мамандардың есебіне жүгінсек, Ертістің жағалауын бекітуге 1 миллиард теңгедей қаржы қажет.

Алайда аймақ басшысы бұл қаржы тым көп екенін ескертті.

"Қит етсе миллиард сұрайсыздар. Олай болмайды. Қазынаның қаржысын тиімді, мақсатты жолмен пайдалануымыз керек. Сондықтан жұмысты кезең-кезеңімен, қажеттілігіне байланысты жүргіземіз. Мәселен, биыл арықтарды бір жүйеге келтіріп, қалалық тоғанды мықтап алсақ, келесі жылы жағалауларды бекітуге көшеміз. Бәрі бірден істеле қалмайды ғой" деді  Б.Сапарбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!