ШҚО тұрғыны қызын құтқару үшін өзінің сау бүйрегін берді

Фотография - ШҚО тұрғыны қызын құтқару үшін өзінің сау бүйрегін берді

ШҚО-да Қарабас ауылының тұрғыны Қарақат Әбішева дертке шалдыққан қызын құтқару үшін өзінің сау бүйрегін берді.

141 0

ШҚО-да Қарабас ауылының тұрғыны Қарақат Әбішева дертке шалдыққан қызын құтқару үшін өзінің сау бүйрегін берді.

Қазір науқас сәтті өткен отадан кейін облыстық емдеу орталығында ем қабылдап жатыр.

Ананың осындай ерлігін естіп білген бесқарағайлықтар бұл оқиғаға бейжай қарамай аудандық мәдениет үйінде "Мейірім" қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция аясында жиналған жеті жүз мың теңгедей қаражатты ана мен баланың денсаулығын оңалтуға жұмсау үшін аудан әкімі бастаған топ қамкөңіл анаға апарып табыс етті.

Ендігі жерде науқасты өңірдегі шипажайлардың біріне жіберуді ойластыруда. "Өз басым бұрын қайырымдылық дегенге сенбеуші едім. Менің ол ойым қате екен. Өмірде қайырымды адамдар бар екен. Сондықтан аудан әкіміне, аудан халқына аналық ақ алғысымды білдіремін" – дейді Қарақат.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!