Павлодарда көшет өсіретін тәлімбақ ашылмақ

Фотография - Павлодарда көшет өсіретін тәлімбақ ашылмақ

 Павлодарда 20 гектар аумақта балқарағай және қылқан жапырақты ағаш көшеттерін жетілдіретін тәлімбақ ашылмақ.

162 0

 Павлодарда 20 гектар аумақта балқарағай және қылқан жапырақты ағаш көшеттерін жетілдіретін тәлімбақ ашылмақ, деп хабарлайды Павлодар облыстық табиғи ресурстарды пайдалану және реттеу басқармасы бастығының орынбасары Серік Бейсенқұлов.

«Мұндай тәлімбаққа аймақта және Павлодар қаласында сұраныс зор. Бүгінде облысымызда қайың көшеттерін баптап, өсірумен айналысатын бір ғана Шалдай тәлімбағы бар. Оның өзі «Ертіс орманы» қорының қарамағындағы орманды сақтауға ғана үлесін қосып келеді. Солай бола тұра, аталған мекеме облыс орталығы мен қала маңындағы елді мекендерге де ағаш отырғызумен айналысады.

Ендігі жерде қаламызға арнап көшет өндіретін құны 150 млн. теңгеге бағаланған тәлімбақ құрылысын екі кезең бойынша жүргізу көзделіп отыр. Биыл құрылыс қолға алынса, келер жылдың соңына дейін жоспарды толығымен жүзеге асыруды ойластырып отырмыз дейді ол.      


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!