Арсыздар жүр алшаң басып...

Фотография - Арсыздар жүр алшаң басып...

Жақында Алматыда «Стрип-пластик» деп аталатын жарыстан ашық біріншілік өтті

278 0

Жақында Алматыда «Стрип-пластик» деп аталатын жарыстан ашық біріншілік өтті. Бір қарағанда, оған кім барады деп ойлауыңыз да мүмкін. Бірақ еліктегіш қазақ жастары бұтына жабысқан киім киіп, аяғын аспанға көтеретін жарыстан қалыс қалған жоқ. Жүзден аса жастар сынға түскен чемпионаттың бас төрешісі «Экзотик pole-dance»-ден Ресей чемпионы Елена Шталинская екен.

Түрлі деңгейде өздерінің таланты мен талабын сарапқа салған қыздардың қимыл-әрекеті адам шошырлық. Дене мүсіні мен қимылын үйлестіру, тіпті көрермен болған жігіттердің жүрегін ауыртатын көрініс – қазақ қоғамы үшін жат құбылыс-ақ. Амал қанша, «қой» дейтін қожаның жоқтығын пайда­ланғандар ұлттың санасын улаудың бар амалын қарастырып жатқан сыңайлы.

Тіпті Алматыда көктемді күтпей, жыл он екі айда жұмыс істей беретін «Көгілдірлер клубы» барын, онда негізінен, қазақ жі­гіттері жүретіндігін екінің бірі біле бермесі де анық. Еркек екенін ұмытқан азаматтардың абыройсыздығы ұлтымызды ұятқа қалды­рары даусыз. Бұл аз десеңіз, аруларға кеңес беретін клубтар да ашылуда. Онда көпті көрмесе де көңілдестерімен жиі бас қосуды жақсы білетін жаттықтырушылар мен кеңесшілер қыз-келіншектерді ерлердің назарын өздеріне қалай аударуды, өзгенің жігітін қалай тартып алуды, түнде төсекте «қалай ұйықтауды», тіпті «лақша бақыруды» да үйретеді. Қысқасы, Алматыда арсыздардың ал­шаң басып жүруіне мүмкіндік көп. Өйткені арсыздықпен де ақша табуға болатындығы қазақ қоғамына жат болмай тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!