Астана мен Бурабай аралығында көлік қозғалысы толық жанданған жоқ

Фотография - Астана мен Бурабай аралығында көлік қозғалысы толық жанданған жоқ

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

148 0

Боран салдарынан Ақмола облысының аумағында жол учаскелері жабық. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облысында автокөліктің барлық түрлері үшін 8 наурыздан бері мына жолдарда қозғалыс шектелді:

«Астана-Петропавл» жолының  18-252 шақырымындағы  Астана қаласы-Щучинск аралығы;                                   

«Щучинск-Зеренді» жолының 0-80 шақырымы аралығы.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына (қар көшкіні) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары» 422-450 шақырымындағы Берел-Рахман қайнарлары аралығында жол жабық.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі)  арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!