Қазақстандықтар су жаңа пойызбен жүйткімек

Фотография - Қазақстандықтар су жаңа пойызбен жүйткімек

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ осы жылы 220 су жаңа вагондар сатып алмақ деп хабарлайды Компанияның баспасөз қызметі.

173 0

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ осы жылы 220 су жаңа вагондар сатып алмақ деп хабарлайды Компанияның баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Компания 158 вагонды отандық өндіруші «Тұлпар-Тальго» зауытынан сатып алса, мұның қатарында бұдан басқа жайлылығы жетілдірілген 49 вагон мен бір дизель-рельстік құрам және 10 электропойыздың вагондары да бар.

Жаңа вагондардың бұл толқыны Компанияның жолаушылар вагон паркін жаңартып қана қоймай, қолданыстағы вагондардың тозу көрсеткішін 64 пайыздан 58 пайызға дейін төмендететін болады. Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері кейбір бағыттар бойынша жылжымалы құрамдарға қосымша вагон қосуға да зор мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2013 жылдың маусым айынан бастап «Алматы - Атырау» бағытына, ал қараша айында «Астана - Атырау» бағыты бойынша жаңа жүрдек пойыздар құрамын қолданысқа енгізбек.

 


Тегтер:

пойыз

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!