Бас прокуратураға «нашақор» әскери шағымданды

Фотография - Бас прокуратураға «нашақор» әскери шағымданды

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғыны, әскери қызметте 20 жыл еңбек өтілі бар Қуаныш Рамазанов нашақор деп танылып, жұмыстан шығарылды.

240 0

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғыны, әскери қызметте 20 жыл еңбек өтілі бар Қуаныш Рамазанов нашақор деп танылып, жұмыстан шығарылды.

Бүгін ол «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп, Бас прокурордың орынбасары Жақып Асановқа шағымданды.

Қ.Рамазановтың айтуынша, бұған дейін өткен сот отырыстары барысында тәртіп бұзушылықтарға жол берілді. «Мәселен, үшінші сот отырысын 2 тамызға белгілеп, 1-і күні өткізіп қойды. Оның құжаттарында менің ол отырысқа қатысқаным туралы жазылды. Алайда мен отырыста болғаным жоқ. Бүгінде мені нашақор деп кінәлайды. Сот болса, нақты бір дәлелдерді емес, жұмыс берушінің жазып берген мінездемесін негізге алып отыр. Жоғарғы Сот та солай істеді. Өзім 20 жыл әскери қызмет атқардым. Ел алдындағы қалтқысыз қызметім үшін Ішкі істер министрлігінің медаліне ие болдым. Енді, маған нашақор деп айып тағылып отыр», - дейді Қ.Рамазанов.

Бас прокурордың орынбасары Ж.Асанов осы іске қатысты барлық материалдарды алдырғаннан кейін жан-жақты қарап шығуға уәде берді. «Іске қатысты барлық құжаттарды он күннің ішінде алып, өзіңізді және адвокатыңызды шақырамын», - деп атап көрсетті Ж.Асанов.   


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!