Павлодарда үш көзді, сегіз аяқты қозы туды

Фотография - Павлодарда үш көзді, сегіз аяқты қозы туды

Қуандық Бекітаевтың қорасындағы саулығы үш көзді, сегіз аяқты қозы туған.

444 0

Павлодар облысының Шақат ауылының тұрғыны Қуандық Бекітаевтың қорасындағы саулығы үш көзді, сегіз аяқты қозы туған.

«Қозыны көргенімде есімнен тана жаздадым. Мал бағып жүргеніме талай жыл болса да, мынадайды бірінші көруім. Қозының бір басы екі денесі, төрт құлағы, үш көзі бар. Бұндай жаратылысты мен тіпті қорқынышты фильмнен де көрмеппін», - дейді ол.

Мал дәрігерлерінің айтуынша, құбыжық төл Павлодар облысы үшін жаңалық емес көрінеді. Малдың иесі бұндай ауытқушылыққа экологиялық жағдайдың нашарлығы себеп болуы мүмкін екенін айтады. «Мен қойды электролиз зауытына жақын маңда жаямын. Ол маң үнемі түтінге бөгіп тұрады, тіпті демалудың өзі қиындау. Ол жерге шөп те шықпайды. Соған қарағанда бұл жағдайға экологияның нашарлығы себеп болып отырғаны анық», - дейді Бекітаев.

Былтырғы жылы да бұл үйдің бір саулығы үш аяқты қозы туған екен. Ал, мына қозыны Қ.Бекітаев көміп тастауға асықпайтынын айтады. «Қаладан, жақын маңдағы ауылдардан жұрт келіп көріп жатыр. Көрсін, экологияның нашарлығы бізді қайда апаратынын», - дейді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!