Шығыс Қазақстанда туберкулезге шалдыққан екі педагог анықталды

Фотография - Шығыс Қазақстанда туберкулезге шалдыққан екі педагог анықталды

Медициналық тексеру барысында Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін өкпе құрты ауруына шалдыққан екі оқытушы анықталды

339 0

Медициналық тексеру барысында Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін өкпе құрты ауруына шалдыққан екі оқытушы анықталды.

Бұл туралы "Экспресс К" газеті жазды.

Атап айтқанда, бұл кеселге Өскеменде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, ал Зырянда балабақшаның қызметкері шалдыққан.

Жұмысқа орналасар алдында оқытушылардың екеуі де рентген-кабинеттен өтті, бірақ ол кезде тексеру қалыптан ауытқу белгілерін таппады.

Ұзақ уақыт бойы науқас оқытушылардың жанында болған балалардың ата-аналары алаңдаулы. Қазір педагогтар, ата-аналар мен балалар жаппай тексеруден өтуде. Санитарлық режім енгізілді, кешенді алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!