Павлодарлық тұрғын ұлының тұсауын облыс әкіміне кескізбек

Фотография - Павлодарлық тұрғын ұлының тұсауын облыс әкіміне кескізбек

Павлодарлық Әлима Жұмекенова есімді тұрғын «балам ел басқарсын» деп тілесе керек, ұлының тұсауын облыстың әкіміне кестіруді жөн көріпті.

135 0

 Қазақ ырымшыл халық. Бала үлкен тұлға болсын деген ниетпен ата-ана сәбидің туылған сәтінен бастап, ер жеткенге дейін түрлі ырым-жоралғыларын жасап жатады. Сондай көне дәстүрлердің бірі - тұсау кесу.

Павлодарлық Әлима Жұмекенова есімді тұрғын «балам ел басқарсын» деп тілесе керек, ұлының тұсауын облыстың әкіміне кестіруді жөн көріпті.

«Қазақ - дәстүрін қастерлеп, ғасырлар бойы мұраларын насихаттап келе жатқан халық. Менің ұлым Нұрәлі алғаш аяқ аяқ басып, өмір көшіне ергелі отыр. Сізден осы сәбиімнің тұсауын кесіп беруіңізді сұраймын» дейді өңір басшысы Ерлан Арынға хат жазған павлодарлық.

Қызығы сол, Павлодар облысының әкімі сөзге келместен Әлима Жұмекенованың өтінішін қабыл алды.

«Қазақ өзі ырымшыл халық. Дүние есігін ашқан сәбиге ат қоюда, оның тұсауын кесуде, мектепке баратын кезінде, оқуын тәмандауында, үйленуі секілді айтулы күндерде ұрпағының жаңа өмір баспалдағы жарқын болсын деген ниетпен данагөй ақсақалдардың батасын алып, ақ жаулықты ана-әжелерімізге шашу шашқызатыны белгілі. Балаңыздың қадамы құтты, жолы ақ болсын! Сіздің шақыруыңызды қабыл алдым. Тұсау кесу рәсіміне қатысамын» деп Ерлан Арын мырза қысқа қайырған.


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!