Көптеген үй су астында қалды

Фотография - Көптеген үй су астында қалды

Қарағанды өңірінде толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен жүздеген жекеменшік үйді су басты.

299 0

Қарағанды өңірінде толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен жүздеген жекеменшік үйді су басты.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар депараментінің хабарлауынша, Ақтау ауылында ондаған үй су астында  қалған. Ал ауладағы судың деңгейі 1 метрге жеткен. Тасқыннан қашпақ болған екі зейнеткер құлап, жарақат алған. Сондай-ақ Қарағанды қаласының шеткі аудандарын да су ала бастаған. Тасқыннан Саран қаласы, Ақтас, Заречный және Бұқар жырау ауданының Тұзды ауылы да зардап шегуде. Қазір әр ауылда әкімдердің басқаруымен арнайы штабтар құрылған. Құтқарушылар қазір тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшіріп, жиналған суды шығару жұмыстарын жүргізуде.


Тегтер:

апат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!