Оралдықтар қысты шығарып салды

Фотография - Оралдықтар қысты шығарып салды

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында 17 наурыз күні қысты шығарып салу - Масленица мейрамы кеңінен тойланды

335 0

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында 17 наурыз күні қысты шығарып салу - Масленица мейрамы кеңінен тойланды.

11 наурыз күні басталып, 17 наурызға дейін созылған Масленица апталығы жылдағыдай қызықты шаралармен қорытындыланды. Ежелгі славян мерекесіне қатысушылар қысты шығарып салып, көктемді жарқын көңілмен қарсы алады. Орыс халқында мынадай ырым бар, бұл мейрамды қалай қарсы алсаң, жылдың береке-қуанышы, бақыт-байлығы, тіпті ауыртпалығы соған байланысты болмақ. Осынау мерекеде адамдар бір-біріне деген өкпесі болса ұмытып, достық құшағын жайып, жақсы тілектер тілейді.

Бұл күні орталық саябақта театрландырылған көріністер қойылып, әнші-әртістермен қатар үрмелі аспаптар оркестрі, ұлттық-мәдени орталықтардың фольклорлық ансамбльдері өнер көрсетті. Сауда-саттық жәрмеңкесі қызып, түрлі спорттық сайыстар да өтіп жатты. Келгендер ұлттық тағамдардан, құймақтан дәм татып, қызықты ойындарға өздері де қатысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!