Өскеменде 1-інші сынып оқушысы қартайып кеткен

Фотография - Өскеменде 1-інші сынып оқушысы қартайып кеткен

Кирилл Алькаевтың анасы 29 жаста, алайда ол кісі де өз жасынан біршама үлкен көрінеді. Ирина Викторовна баласын босаң тері синдромымен ауырады деп есептеп отыр

413 0

Өскемен мектептерінің бірінде бетін әжім басқан бала оқиды. Бұл туралы YK-news.kz басылымы мәлімдеп отыр.

Кирилл Алькаевтың анасы 29 жаста, алайда ол кісі де өз жасынан біршама үлкен көрінеді. Ирина Викторовна баласын босаң тері синдромымен ауырады деп есептеп отыр.

«Менде прогерия емес (өте сирек кездесетін адам ағзасының уақытынан бұрын қартаюына әкелетін генетикалық дефект). Өзім дәрігер болған соң, соған көзім жетеді. Прогерияда адамның ағзасы толқытай қартайып кетеді, шаштары ағарып, тістері түсе бастайды. Менде бәрі орынында. Прогрерия ауруына шалдыққанымда бала көтере алмас та едім ғой. Бұл терінің ерте босаңсуы, қартаюы деп есептеймін»,-деді Ирина Викторовна.


Алайда, Ирина да өзге дәрігерлер де бұл аурудың диагнозын анықтай алмай отыр.

Кириллда «қартаю» процессі бірден байқалған жоқ. Өсе келе ғана біліне бастады. Ол өте ақылды, әрі белсенді бала. Мектепте мұғалімдері мен сыныптас қыздарына ұнайды. Бір жыл бұрын Кирилл анасымен бірге көлік апатына түсіп, аман қалған болатын. Апатта баланың атасы мен әжесі көз жұмған екен. Міне, сол сәттен бастап бала есейе бастаған тәрізді деп отыр анасы. Қоқысты да өзі шығарып, шеге қағып, ыдыс-аяқ жуып, бутерброд жасайтын көрінеді.

Қазақстандықтарға мезгілінен ерте қартаю дертімен ауыратын Атырау қаласының тұрғыны Нұржан Өркешбаев жақсы таныс. Бүгінде 20 жастағы жас жігіт егде жастағы қарияға ұқсайды. 2011 жылы Нұржан Алматы қаласында жасаруға бағытталған бірнеше пластикалық ота жасатқан болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!