Өскемендіктер Наурыз тойында бауырсақ жеуден жарысады

Фотография - Өскемендіктер Наурыз тойында бауырсақ жеуден жарысады

Өскеменнің облыстық және қалалық жастар орталықтары Наурыз мейрамын атап өту барысында бірнеше шара даярлауда. Соның бірі – бауырсақ жеуден жарыс

224 0

Өскеменнің облыстық және қалалық жастар орталықтары Наурыз мейрамын атап өту барысында бірнеше шара даярлауда. Соның бірі – бауырсақ жеуден жарыс. Бұл туралы ШҚО-ның жастарға арналған ресурстық орталығы хабарлады.

«Жастар киіз үйінде бірнеше шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, граффитишілер, брейк данс, битбоксинг, рэп орындаушылары жарыстары, сонымен қатар бауырсақ жеуден жарыс өткізбекпіз. Сондай-ақ, келген қонақтарды қазақ батырлары қарсы алып, ұлттық киімдер көрмесі және ұлттық тағамдар көрмесі назарға ұсынылады», - деді ресурстық орталық өкілдері.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!