Шымбұлақта екі шаңғышы соқтығысып, біреуі қаза болды

Фотография - Шымбұлақта екі шаңғышы соқтығысып, біреуі қаза болды

Алматыдағы Шымбұлақ демалыс аймағында қайғылы оқиға болды. Екі шаңғышы соқтығысып, біреуі қаза тапты.

294 0

Алматыдағы Шымбұлақ демалыс аймағында қайғылы оқиға болды. Екі шаңғышы соқтығысып, біреуі қаза тапты.

Қазір оқиға орнында жүрген тілшіміз Асқарбек Қазанғап бізбен тікелей байланысқа шықты. Асқарбек, қайтыс болған адамның кім екені анықталды ма? Аман қалған спортшының хал-жағдайы қалай?

- Иә, Маралбек, қазір мен қайғылы жайт болған Шымбұлақ шаңғы тебу алаңындамын. Оқиға кеше шамамен түскі бірлер шамасында болған. Шамамен сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан 30-дағы жігіт 57 жастағы азаматқа соғылды. Нәтижесінде, екеуі де ауыр жарақат алады. Алпысты алқымдап қалған азамат ауруханаға жетпей, жан тапсырған. Ал екінші шаңғышы дәл қазір ауыр халде Қалқамандағы ауруханада жатыр. Әзірге бізде бар ақпарат осы. Толығырақ кешкі жаңалықтардан көріңіздер


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!