Автожолдарда көлік салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйе енгізіледі

Фотография - Автожолдарда көлік салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйе енгізіледі

Еліміздің автожолдарында көлік салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйе енгізіледі.

179 0

Еліміздің автожолдарында көлік салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйе енгізіледі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев осылай мәлім етті.

Министр баяндама барысында көліктік бақылау мәселелерінде, оның ішінде автожолдардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып өтті. «Бүгінгі күні көліктік бақылау бекеттері республикалық жолдардағы автокөлік ағынының 30 пайызын ғана тексереді. Осыған байланысты салмақ өлшеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу ұсынылады. Бұл шара арқылы сыбайлас жемқорлықты азайту көзделіп отыр. Оның үстіне жаңа жүйе жүк жеткізу уақытын қысқартуға, тасымалдың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді», - дейді А. Жұмағалиев.

Тоқтала кететін жайт, бүгінгі күні ел автожолдарында 3 автоматтандырылған өлшеу құралы сынақтық тәртіпте жұмыс істеуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!