Сатпаев қаласының әкімі ауысты

Фотография - Сатпаев қаласының әкімі ауысты

Асқар Ыдырысов Сатпаев қаласының әкімі болып тағайындалды.

306 0

Асқар Ыдырысов Сатпаев қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Батырлан Ахметов Сәтбаев қаласының әкімі қызметінен босатылды. Облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қалалық мәслихат депутаттарының келісуі бойынша осы лауазымға Асқар Ыдырысов тағайындалды», - делінген хабарламада.

Асқар Абылайұлы Ыдырысов 1975 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 1997 жылы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, ал 2005 жылы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтады. Біліктілігі бойынша инженер-электромеханик, экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Орталық органдарда түрлі қызметтерді атқарды. ҚР шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттікте жетекші маман, бас маман болып қызмет істеді.1999-2002 жылдары ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бәселестікті қорғау мен шағын бизнесті қолдау басқармасының бас маманы, басқарма бастығы болды.

2002-2003 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің шағын бизнесті қолдау комитетінің басқарма бастығы қызметін атқарды.

2003 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өндірістік сала мен инфрақұрылым бөлімінің кәсіпкерлік және тауарлық нарық секторының консультанты, бас сарапшысы, меңгерушісі болды. Кейін индустриалдық-инновациялық дамыту бөлімінің экономиканы әртараптандыру секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.2008 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

2008-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып істеді.

2012 жылдың қазан айынан Асқар Ыдырысов Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.

Активке жаңа әкімді таныстырған облыс әкімі Бауыржан Әбдішев Сәтбаев қаласының өңір экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар екендігін атап өтті.

- Ең бірінші кезекте сіздер Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын, моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды тұрақты бақылауда ұстауларыңыз тиіс, - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті өркендету, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, бюджет қаражатын уақытында және сапалы игеру сынды мәселелерге де баса көңіл аудару қажет.

- Ең бастысы, осының бәрі көрсеткіштерді өсіру емес, Мемлекет басшысы талап етіп отырғандай халықтың жағдайын жақсарту үшін жасалатындығын есте ұстаған жөн. Межелі міндетті мінсіз атқарып шығатындығымызға сенімдімін, - деді сөз соңында Бауыржан Әбдішев.


Тегтер:

саясат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!