Сарбұлақ ауылы инновация игілігін көріп отыр

Фотография - Сарбұлақ ауылы инновация игілігін көріп отыр

Алматы облысындағы Сарбұлақ ауылының тұрғындары Наурызды  ерекше көңіл-күймен қарсы алатын болды.

246 0

Алматы облысындағы Сарбұлақ ауылының тұрғындары Наурызды  ерекше көңіл-күймен қарсы алатын болды.

Өйткені, 17 жыл бойы жарықсыз отырған ауылға күн сәулесінен энергия алатын шағын станса орнатылды. Нәтижесінде шалғайда құмның арасындағы 14 отбасы енді электр қуатын тіпті тегін пайдаланып отыр. Жобаны Оңтүстіккореялық компания БҰҰ-ның «Жасыл ауыл» бағдарламасы аясында  жүзеге асырды. Ал шағын стансаны салу-қосу сияқты барлық шығынды Корей елі көтерді.

Бұл жобаның Қазақстандае баламасы жоқ. 260 пластинкадан құралған кешен сағатына 52 киловатт энергия өндіреді. Оның 42 киловаты Сарыбұлақтағы 14 шаңырақ берілсе, 10 киловаты кешен ішіндегі аккумуляторлар жүйесінде жинақталады. Жанат Жылқайдаров  осы жоба қолға алынғаннан бастап, іске қосылғанға дейін  корей мамандарымен бірге болды. Тіпті Оңтүстік Кореяның 7 қаласында болып,   операторлыққа маманданып қайтқан.

Жанат ЖЫЛҚАЙДАРОВ, оператор-электрик:

- Оператор ретінде оқып келдік. Өшіріп-қосу. Компютері бар. Компютер жүйесін көріп, анда-санда  көріп тексеріп қоямыз.

17 жыл май шаммен отырған ауыл осылайша бір-ақ күнде жарыққа қосылды.

Сарыбұлақтың байырғы тұрғыны Керімбала Шәріпбаева ауылға энергия тартылмаса, басқа жаққа көшпек болған. Енді жылы орнын суытқысы жоқ. Мал басын көбейтіп,  құрт-майын айырып отыр.

Керімбала ШӘРІПБАЕВА,  зейнеткер:

- Бұрын қосылмаған тоңазытқышымызды қосып, міне жарық көріп жақсы болып отырмыз. Сүтімізді, етімізді тоңазытқышымызға қоямыз енді.

Ауылда энергия мәселесімен бірге ауызсу проблемасы да шешілген.Тұрғындар бұрынғыдай бұлақтан емес, 130 метр тереңдіктен шығып жатқан таза ауыз суды ішеді. Бірақ қазір колонкалар қатып жатыр.

Күлтәй БЕКБЕРГЕНОВА, Сарыбұлақ ауылының тұрғыны:

- Екі колонка бар. Сосын орталық көшеде бір колонка бар. Екі көшеге бөлініп-бөлініп тасимыз.

Мамандардың айтуынша, шағын станса 20 жыл тоқтаусыз жұмыс істейді. Ал бұлтты күндері  аккумуляторлар ауылға 3 тәулік үздіксіз электр бере алады. Құрылғының бәрі автоматтандырылған.

Аслан ХУМЧИЕВ, оператор-электрик:

- Мынау басқару терезесі. Су мен энергия жүйесі бөлек-бөлек.  Қанша ауыл электр тұтынып отыр. Бәрі көрсетіп тұрады. Өте қарапайым.

300 мың АҚШ доллары болатын станса БҰҰ-ның «Жасыл ауыл» бағдарламасы аясында тегін салынды.  Сондықтан  тұтынушылар электр қуатын да тегін пайдаланып отыр.

Жалпы қазір еліміз бойынша 200-ге жуық шағын ауыл жарықсыз отыр. Олардың бәрі облыс, аудан орталығынан шалғайда жатыр. Сондықтан ондай ауылдарға мынадай күн сәулесінен қуат алатын қондырғы қойылса, халық жарыққа қарық болмақ.  Ал Қазақстанда алғаш инновация игілігін көрген ауылдың бірі – осы Сарыбұлақ.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!