Ақтауда ата-аналар жиналысы төбелеске ұласты

Фотография - Ақтауда ата-аналар жиналысы төбелеске ұласты

Бет жыртысқан төбелес наурыздың 19 күні Ақтау қаласы мектептерінің бірінде орын алған.  

356 0

 Ата-аналар жиналысы қып-қызыл төбелеске ұласты. Бұл туралы lada.kz мәлімдеп отыр. 

Бет жыртысқан төбелес наурыздың 19 күні Ақтау қаласы мектептерінің бірінде орын алған.

Мейрам қарсаңында оқушылардан сыйлықтарға ақша жинау мәселесінен туындаған ұрыс, іле шала қым-қуыт төбелеске ұласқан көрінеді. Бесінші сынып оқушыларының сынып жетекшісі Светлана Исмаилова комитет наурыздың 1-інде оқушылардың ата-аналарынан 8 наурыз, 7 мамыр мерекелеріне сыйлық алу үшін және сынып есігіне жаңа құлып сатып алу мақсатында ақша жинай бастағанын айтып отыр. Алайда ата-ананың бірі наразылық білдіріп, бұл ұсыныстан бас тартқанын айтты ол.


19 наурызда наразы ана жиналысқа келіп, ата-аналар комитеті мен мұғалімдерге балағат сөздер жаудырып, ұрыса жөнелген екен. Ұрыс үстінде ата-аналардың бірі әйелден баласы сыныптасынан ұрлаған ақшаны қайтарып беруін талап еткен. Сол сәтте ашуға булыққан әйел қолына орындықты алып, сол сөздерді айтқан әйелге қарай лақтырған. Алайда, орындық анасына емес, жанындағы оқушы қызына тиген. Өзін өзі ұстай алмаған қыздың анасы төбелесті бастап кеткен көрінеді.

Ал баланың анасы оқиғаны мүлде басқаша болды деп отыр. Оның айтуына қарағанда, оған бәрі тарпа бас салып, аяқпен тепкілеген көрінеді. Төбелестің себебі ретінде ата-аналар комитетінің ортақ кассасына ақша бергісі келмегенін алға тартты.


Дәлізде тұрған бейнебақылау камерасы сынып сыртында болған төбелесті жазып алған. Бүгінде бейнематериал тәртіп сақшыларының қолына түсіп, мәселенің мән-жайы анықталуда.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!