Павлодар облысының бір ауылы жайылым жерінен айрылды

Фотография - Павлодар облысының бір ауылы жайылым жерінен айрылды

Айтуларынша, жайылым жекенің қолына сатылып кеткен. Ызаға булыққан халық құнарлы жерді шаруаларға қайтаруын өтініп, облыс әкіміне шағымданып отыр.

779 0

Павлодар облысы Ақсу ауданына қарайтын Алғабас ауылының тұрғындары мал жаятын жайылым жерімізден айрылып қалдық деп дабыл қағуда. Айтуларынша, жайылым жекенің қолына сатылып кеткен. Ызаға булыққан халық құнарлы жерді шаруаларға қайтаруын өтініп, облыс әкіміне шағымданып отыр.

Алғабас ауылының тұрғындарында үш табын сиыр, үш үйір жылқы және 1200 бас ұсақ малы бар. Әр жылдың сәуірінен қарашасына дейін 200 күндей уақытта халық төрт түлігін ауылдан 7 шақырым қашықтықтағы жайылымға алып барып жаяды екен. Алайда, биыл Бауыржан Доскиреев есімді азамат ол жерді сатып алғандығын айтып, шаруаларды жолатпай отырған көрінеді.

«Ауылдың малы осылайша жайылымсыз қалды. Өзге жерлерге жаяйық десек, жақын маңдағы жердің барлығы қу тақыр, шөбі жоқ. Жерді халыққа қайта алып беруіңізді өтінеміз» дейді шағымданушы топ.

Ал, өңір басшысы Ерлан Арын болса Бауыржан Доскиреевке аталған жердің 2011 жылы-ақ беріліп кеткендігін айтып отыр. «2011 жылғы 25 тамызда Алғабас ауылы әкімінің өкімімен азамат Б.К. Доскиреевке 4 жыл мерзімге, алаңы 1003,1 га жер учаскесіне шалғайдағы мал шаруашылығы үшін уақытша жер пайдалану құқығы берілді. Бұл жағдайды шешу үшін Б.К. Доскиреевке елді мекендегі жерге жатпайтын жерді ресімдеу ұсынылған. Жер пайдалану мерзімі 2015 жылдың 25 тамызында аяқталуына байланысты, бас тарту жағдайында ол ұзартылмайды» дейді әкім.

Демек, алғабастықтар тағы екі жылдай малын жайылымға шығара алмауы мүмкін. Ал, мұнымен келіспесе өзге де құзырлы органдарға шағымдануға құқықтары бар.


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!