Жайық өзенінің деңгейі 7 метрге дейін көтерілуі мүмкін

Фотография - Жайық өзенінің деңгейі 7 метрге дейін көтерілуі мүмкін

Биыл Жайық өзенінің деңгейі 550-650 сантиметрге көтерілуі мүмкін.

192 0

Биыл Жайық өзенінің деңгейі 550-650 сантиметрге көтерілуі мүмкін.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Жайықтағы тасқынның қалыпты деңгейі 574 сантиметр болса, қауіпті шегі - 850 сантиметр. Өткен жылы су деңгейі Орал қаласы тұсында 503 сантиметрге жеткен болатын. Биыл су тасқынының шырқау шегі Жайықта 5-11 сәуір күндеріне, Шаған, Деркөл, 2-Шежін, Шыңғырлау өзендерінде 27 наурыз-2 сәуірге келеді деп күтілуде. Ирикла су қоймасынан Жайыққа секундына 120 текше метр су жіберілуде. Бұл жұмыс 5 сәуірге дейін жалғаспақ. Батыстың бас өзенінің Тайпақ ауылы тұсында мұз жүре бастады. Шаған, Деркөл өзендерінде де осындай қозғалыс бар.

Облыста өзендердегі су тасқынының алдын алу бағытында нақты шаралар қолға алынуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!